ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫН ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 57
- Жауаптар: 57
- 16.10.2013
- 18.10.2013
- Павлодар облысының әкімі - Арын Ерлан Мұхтарұлы
гимназия мектебінің ұжымы 18.10.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті аймақ басшысы! Ақсу қаласында ең алғашқы қазақ мектебі болып құрылған гимназияға көрнекті ғалым, қоғам қайраткері
Қаныш Сәтбаевтың есімі беріледі деп естігенбіз. Осы мәселе қашан шешіледі екен?
Администратор 18.10.2013
Бұл мәселе бойынша жүйелі жұмыстар жасалуда. Аталмыш гимназияға Қаныш Сәтбаевтың есімін беру туралы мәселе бойынша өтінішхат және “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңына сәйкес тиісті құжаттар тізбесі дайындалды. Алдағы уақытта бұл мәселе облыстық ономастика комиссиясында қаралып, облыс әкімдігінің және облыстық мәслихаттың бірлескен шешімі шығарылатын болады. Ағымдағы жылдың желтоқсанында Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.