СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ С.С. ЕСКЕНДІРОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Сапарбекұлы Ескендіровтің қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 53
- Жауаптар: 53
- 07.08.2013
- 09.08.2013
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі - Самат Сапарбекұлы Ескендіров
Куралай Мейрамова 08.08.2013, Сұрақ нөмірі:
«Халықтық ІРО» бағдарламасын іске қосқандағы мемлекеттің міндеттері қандай және қарапайым адам, оның ішінде ауылдың тұрғыны қалай «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатыса алады?
Администратор 08.08.2013
Құрметті Куралай! «Халықтық ІРО» бағдарламасының бірнеше міндеті бар. Біріншіден, табысты кәсіпорындардың акцияларын иелену азаматтарға олардың дамып, өсуінен пайда алуға мүмкіндік береді. Бұл акция бағасы ұлғайған кезде де, дивидендтер төлеген кезде де болады. Екіншіден, Халықтық IPO қор нарығының дамуына ықпал етеді. Халыққа жетекші кәсіпорындардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін бере отырып, мемлекет инвесторлар қатарын кеңейтуде. Акцияларға деген сұраныстың артуы олардың өтімділігінің өсуіне әкеледі, бұл өз кезегінде қор нарығының дамуына оң әсер етеді. Үшіншіден, Халықтық ІРО барысында тартылған қаражатты мемлекеттік компаниялар өздерінің одан әрі дамуына, активтер сатып алуға, өндірісті жаңғыртып, кеңейтуге инвестициялауы мүмкін. Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік компаниялардың акцияларын сатып алу құқығына материалдық жағдайына, жасына немесе тұратын жеріне қарамастан Қазақстанның азаматтары ғана ие болады. «Халықтық ІРО» шеңберінде бағалы қағазды сатып алу жүйелігі кесте түрінде былайша көрінеді: Брокерлік шот ашу (СТН, жеке куәлік), 2 данада шартқа қол қою, Инвестордың шотты толықтыруы, Акциялардың санын көрсете, отырып оларды сатып алуға, арналған өтінімді ресімдеу, инвестордың ОД-ның есепке алу жүйесіндегі қосалқы шотына брокердің акцияларды аударуы. Бұл ретте бағалы қағаздың түпнұсқасының қолға берілмейді, себебі бүкіл есепке алу электрондық түрде жүргізіледі. Оны қайта материалдандырылған қағаздар деуге болады. Брокерде шот ашылады, онда мәміленің барлық шарттары болады. Инвестор қолына шоттың үзінді-көшірмесін алады, онда қағаздардың құны мен саны көрсетіледі. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі дерлік тұрғындардың «Халықтық ІРО-ға» қол жеткізуін «Қазпочта» АҚ-ның агенттік желісі, сондай-ақ қазіргі кезде бағдарламаны белсенді дамытып жатқан брокерлік компаниялардың өңірлік желілері де қамтамасыз етеді.