МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 25.06.2013
- 27.06.2013
- Маңғыстау облысының әкімі
Тулеуова Марал Куанышбаевна 26.06.2013, Сұрақ нөмірі:
Салеметсіз бе Алик Серікұлы!Менін атым Марал.Жалғыз басты ,екі баланың анасымын.Турақты тұратын баспанам жоқ.Алатын жалақым отыз мың.Тұрғын үй алатын жағдайым жоқ.Сондықтан сізден көмек сұрауға мәжбүрмін.Сіздің қарамағыңыздан,Үкімет қарамағынан "Жалғыз басты аналарға" кандай көмек ,қол ұшын тигізе аласыз?
Администратор 27.06.2013
Құрметті Марал Қуанышқызы сұрағыңызға көп рахмет! Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-шы сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңының 68 бабына (халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар санатына) сәйкес толық емес отбасы ретінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй кезегіне тіркелуге болатындығын қаперіңізге береміз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықтың аз қорғалған топтарын қамқорлыққа алу мақсатында бекітілген бірнеше әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған. Солардың бірі 18 жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға, жалғызбасты аналарға арналған балалар жәрдемақысы мен табысы аз отбасыларға арналған «Атаулы әлеуметтік көмек» түрлері. Бұл аталған көмек түрлерін тағайындау үшін яғни, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасына кіретін табыс (кіріс) көлемін отбасы мүшелеріне бөлген кезде 8251 теңгеден аспауы тиіс екендігі ескерілетін болады (бұл меже әр тоқсан сайын өзгеріп отырады), сонымен бірге 18 жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасына кіретін кіріс көлемі жан басына шаққанда 12377 теңгеден аспауы тиіс екендігін қаперіңізге береміз. Осы аталған көмек түрлерін тағайындау үшін Сіздің жағдайыңызда Қарақия ауданы Құрық ауылы, Досан батыр көшесі 4 үй ге хабарласуыңыз керек. Байланыс телефоны 872937 21561 Бөлім басшысы Қайрат Рысбаев