ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Искаков Аскар Тулегенович 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында ауа райы кұрт суытқан кездері Арай, Саулет, Тасбөгет мөлтек аудандарында жеке тұрғын үйлерге газ қысымы жетпей, жылу пештерінің 8-12 сағатқа дейін өшіп қалу фактілері орын алған болатын. Бұл мәселені дұрыс қалыпқа келтіруге болады ма?

Администратор 25.07.2013

Асқар шынында да «Ақшабұлақ» кен орнынан берілетін газ көлемінің жетіспеуіне байланысты жеке тұрғын үй секторларында біршама газ тапшылығы болды. Осыған орай, Қызылорда қаласының ішкілік желілеріндегі газды бірқалыпты қысымға келтіру үшін «ҚазТрансГаз» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында, өз қаржысы есебінен № 1-ші ГРП-ден Қызылордаоңтүстікжылуорталығына дейін ұзындығы 22 км құрайтын айналдырма (закольцовка) газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Күзге дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Сонымен қатар, салынып жатқан «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан Қызылорда қаласына газ құбырын тартып, автоматтандырылған газ тарату стансасын құру жоспарланып отыр. Осының нәтижесінде облыс орталығы толық газбен қамтамасыз етілетін болады.