ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Аманжолова Рыскул Тұрсынбайқызы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Қырымбек Елеуұлы,менің мынадай сауалым бар еді. Қызылорда қаласының Бас жоспары бекітілгенімен облыс орталығының шекарасы анықталып, ол әлі бекітілмеген. Бұл мәселе бойынша қандай жұмыстар жүргізілгелі жатыр?
Администратор 25.07.2013
Құрметті Рыскүл! Бекітілген бас жоспарға сәйкес Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) анықтау, бекіту және аймақтарға бөлу схемаларына түзету енгізу жұмыстарына облыстық бюджеттен 19,2 млн теңге қаралып, бұл жұмыстар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда осы жұмыспен айналысуға жеңімпаз тұлға ҚР-сы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Қызылорда филиалымен мәліметтер жинақтау, далалық зерттеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айына аяқталатын болады.