АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ И.Н. ТАСМАҒАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.А. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Астана қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетовтің қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» Интернет-конференция
- Сұрақтар: 48
- Жауаптар: 46
- 29.04.2013
- 30.04.2013
- Аким города Астана
Орашбаев Марат Толеуович 29.04.2013, Сұрақ нөмірі:
1) Оралмандар туралы жеке пікіріңізді білгім келеді. 2) Не үшін қазақ ұлты өкілдерінің Қазақстанға көшіп келуіне үкімет тарапынан көмек тоқтатылды? 3) Басшы ретінде оралмандарға қандай көмек бердің?
Администратор 03.05.2013
-Марат Төлеуұлы, бүгінгі таңда Елордамызда тек квота арқылы шет елден келіп, түпкілікті қоныстанған 9700 ден астам бауырымыз бар. Олардың барлығы да бүгінге дейін «оралман» мәртебесінде мемлекет тарапынан тағайындалған жеңілдіктерге қол жеткізді. Бүгінде мемлекет тарапынан арнайы «квота» бөлу уақытша тоқтатылып отыр. Дегенмен, алыс жақын шет елдерден келетін қандастарымыздың легі үзілген жоқ. Бүгінде де өз бетінше елге келген бауырларымызға көші-қон полициясы арқылы «оралман» куәліктері беріліп келеді. Осы куәлік негізінде олар Астана қаласындағы тұрғын үй кезегіне жеңілдетілген санатта тұра алады. Мәселен, тек 2012 жылы осы негізде 1470 астам бауырымыз Астанаға келіп, оралман санатында үй кезегіне тіркелді. Сондай-ақ, Өзіңізге мәлім биылғы жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі құрамында Көші-қон комитеті құрылды. Сондықтан алдағы уақытта осы аталған Комитет жұмысы аясында шет елдерден келетін қандастарымыз үшін қолдау да, оларды әлеуметтік қорғау да өз деңгейінде жүргізілетіндігіне сенім білдіремін.