АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

12 ықшам ауданының тұрғыны 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Соңғы жылдары Сазды өзенінің бойы жөнделіп, қалалықтардың демалыс орнына айналды. Былтырғы жылдан бастап 12 ықшам ауданы жағы жөнделіп жатыр. Енді соның бойынан сквер салу жоспарда бар ма? Сол маңнан тағы да бір демалыс орны ашылса жақсы болар еді.

Администратор 16.05.2013

2013 жылдың аяғында Әбілқайыр хан даңғылы мен Сәңкібай батыр аралығындағы, 12 ықшам ауданы арқылы өтіп жатқан Сазды өзенінің жағалауын абаттандыру толығымен аяқталады. Сонымен қатар, 2013 жылға Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан автомобиль көпірі мен 12 ықшам ауданында орналасқан «Аида» сауда үйі ғимараты аралығында, қала тұрғындарына арналған демалыс орнына жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда бұл нысан бойынша жобалауға қажетті құжаттар жинақталуда. Нәтижесінде, 2013 жылға екі сквер құрылысына жобалық – сметалық құжаттамалар әзірлеуге қаржылай қаражат жоспарланды, оның ішінде бір сквер 12 ықшам ауданында орналасады.