АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 13.05.2013
- 15.05.2013
- Ақтөбе облысының әкімі
Нуртазин 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:
Біз Алға қаласында орналасқан ескі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрамыз. Үйіміз 1965 жылы салынған, жыл сайын пәтер иелерінің бірігіп жинаған қаражатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, ешқандай нәтиже бермейді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша Алға қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?
Администратор 16.05.2013
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыру бағытында «Тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты: халықтың тұруына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту болып табылады. Бағдарламаға сәйкес, ескіріп тозығы жеткен кондоминиум объектілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі (көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті, подъездері, шатыры мен жертөледегі инженерлік желілерін қайта жаңғырту), ол үшін бағдарламаға пәтер иелерінің 2/3 бөлігінің келісімі қажет. 2013 жылға бағдарлама аясында Алға ауданы бойынша 10 үй оның ішінде Бестамақ ауылынан 2 үй, Алға қаласында 8 көп қабатты тұрғын үйлердің (Байтұрсынов көшесі №17, 17А, 13, 18, Ш.Уәлиханов көшесі №21, Р.Айымбаев көшесі №21, А.Иманов көшесі №65, 67 үйлер) жөндеуге құжаттары даярлануда. Соның ішінде, 2 тұрғын үйдің құжаттары толығымен даярланып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Қалған 8 тұрғын үйге жобалы-сметалық құжаттамалары даярланып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аталған үйлердің жөндеу жұмыстарына 150 млн.теңге республикалық бюджеттен бөлінуде.