АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Тілегенов Мұрат 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қайыңды ауылдық округінің орталығы Ойыл ауданындағы орталықтандырылған ауыз су құбыры жүргізілмеген жалғыз ауыл. Ауылдағы барлық тұрғындармен қатар әлеуметтік нысандардың барлығы да өздері қазып алған құдық суларын пайдаланып келеді. Сондықтан, осы мәселе соңғы кездері бірнеше рет көтерілді. Қалай шешімін табады деп алаңдап жүрміз?

Администратор 16.05.2013

Бұл мәселе мемлекеттік ауыз су бағдарламасына енгізілді. Елді–мекенде жаңа ауыз су құбырын жүргізу жөнінде облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды. 2013 жылы елді- мекенге жақын жердегі жер асты су қорларын зерттеу жұмыстары басталады.