ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.А. БОЗЫМБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Жамбыл облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 10.07.2013
- 12.07.2013
- Жамбыл облысының әкімі
Сабитов Ербол 12.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Мемлекетік орамн қоры аумағында жайылымдық жерлерді падалнуға алу тәртібі қандай және төлемақысы қанша екен түсіндіріп беруіңізді сұраймын.
Администратор 13.07.2013
Саламатсызба Ербол! Бұл мәселе бойынша жеке және заңды тұлғадан жергілікті орман иеленушіге (орман шаруашылығы мекемелеріне) өтініш беріледі. Өтініште пайдалануға сұралып отырған жер көлемі, мал басының нақты саны жөнінде анықтамасы көрсетіледі. Жайылымға жер мемлекеттік орман иеленуші беретін орман билеті негізінде беріледі. Орман билеті жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға құқық беретін құжат болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы №1338 қаулысымен Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю нормалары бекітілген. Жайылымдық жерлерді пайдаланғаны үшін Жамбыл облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 15 науырыздағы №32-8 шешімімен бекітілген орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары бойынша 1 га жайылымдық үшін 43,2-74 теңгеге дейін (жайылымдықтын сапасына сәйкес) бюджетке төлену тиіс (төмен сапасы - 43,2 теңге; орта сапасы – 55,5 теңге; жоғары сапасы - 74 теңге).