БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.А. НОҒАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 52
- Жауаптар: 52
- 26.08.2013
- 28.08.2013
- Аким Западно-Казахстанской области
Койшина Айсұлу Бақытқызы 26.08.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті, Нұрлан Асқарұлы! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей авторлығымен жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы біздің облыста да қуатты тетік болды. Біздің облысымызда да толайым шаралар атқарылуда. Мәселен, археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде өлке тарихы жаңа жәдігерлермен толықты. Өлкеден шыққан өмірі өлке тарихымен өрілген үлкен тұлғаларға қатысты деректер түгелдене бастады. Ұлттық салт-дәстүрді, өнерді, ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға, жақсартуға батыл қадамдар жасалды. Солардың бірі:
2002 жылы Орал қаласынан 12 км қашықтығында жанданған Орал-Атырау автотрасса жанында алтынордалық ХІІІ-ХҮ ғғ. кезіндегі «Жайық қалашығы» деп аталған қалашық табылған.
Бұл қалашық қазіргі Оралдың бастауышы болғанын ғалымдар дәлелдеп отыр, соған сәйкес Орал қаласының қалыптасуын 1613 жылға емес – ХІІІ ғасырға жатқызуға болады деген пікір қалыптасқан.
«Жайық қалашығы» ескерткішін ұлттық тарих және мәдениет насихатының орталығы жасау мақсатында оның негізінде ашық аспан астындағы «Тарихи-мәдени және табиғи-ландшафты «Жайық қалашығы» мұражай-қорығы» құрылысын салуды қолға алуыңыз біздің көңілімізді көкке жеткізді. Бұған алғысымыз шексіз.
Алайда бүгінгі таңда көне қала тарихы жайында жұртшылық біле бермейді. Сондықтан ел арасында түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізу, іс-шараларды ұйымдастыруды қолға алған жөн деп есептеймін.
Халық арасында мәдени тынығуға жағдай жасап, мәдени демалыс орындарын насихаттау жұмыстарын жандандырған дұрыс. Сондықтан, аудан әкімдері, мекеме басшылары өздері бастап бас сұғып келіп, халыққа үлгі болулары қажет деп білемін. Рахмет!
Администратор 27.08.2013
Құрметті Айсұлу Бақытқызы! Елдің, жердің тарихына деген жанашырлығыңыз үшін рахмет. Биылғы 9 шілдеде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы ұлттық тарихты зерделеу мәселелерін үйлестіру жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Құрамында 15 адам бар. Өзім төрағалық жасаймын. Жоспар жеткілікті. Тап осы бағытта аудан әкімдеріне де тапсырма берілді.