БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.А. НОҒАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 52
  • Жауаптар: 52
  • 26.08.2013
  • 28.08.2013
  • Аким Западно-Казахстанской области

Гүлназ Мәлікқызы 27.08.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Нұрлан Асқарұлы! Сіздін осылай батысқазақстандықтармен интернет-конференция өткізіп жатқанынызға көп -көп рахмет. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік яғни сұрақтарымызды сізге тікерлей қоялатынымызға. Мен мемлекеттік қызметкермін баспанам жоқ. Менің сізге қояр сұрағым. Неге мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік пәтер беруде жалғастырмайсыздар? Рахмет.

Администратор 27.08.2013

Құрметті Гүлназ Мәлікқызы! Орал қаласы Зашаған ауылдық кенті Орал-Саратов, Орал-Атырау тас жолдары арасындағы жаңа шағын ауданында үш 75 пәтерлі тұрғын үйінің құрылысы жүргізілуде. Бірінші 75 пәтерлі тұрғын үй бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы өткізілді. Екінші тұрғын үй бойынша жұмыс комиссиясы өткізілді. Ол ағымдағы жылдың қыркүйек айында тапсырылатын болады. Үшінші 75 пәтерлі тұрғын үйін 2013 жылдың қараша айында тапсыру жоспарлануда. Тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдағаннан кейін үйлерді ЖАО-да (Жергілікті атқарушы органдар) кезекте тұрғандармен және сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлермен қоныстандыру басталады. Келесі жылы 60 және 100 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысын бастау жоспарлануда. Жалпы пәтер белгіленген тәртіппен, кезекпен беріледі.