БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.А. НОҒАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 52
- Жауаптар: 52
- 26.08.2013
- 28.08.2013
- Аким Западно-Казахстанской области
Орынбасов Айболат 26.08.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Нұрлан Асқарұлы!
жақында ғана "Жас Отау" бағдарламасы бойынша пәтерлер бөлінді. Өкінішке орай мен өтпей қалдым. Мен білуімше 48 пәтер саттыққа шығарылған. Осы пәтерлерді облыстық бюджеттен қаржы бөлу арқылы жас отбасыларға беру мүмкіндігі болар ма екен?
Администратор 27.08.2013
Құрметті Айболат! Жалпы "Ақжайық-Жас отау" ЖШС-ның "СВ плюс" ЖШС-на қаржылық бережағы 2013 жылға 259,35 млн. тенге құрайды. Облыстың бюджеттің кіріс бөлігінің тапшылығына байланысты, 4-жастар үйінің құрылысына 2013 жылда қаражат бөлінген жоқ. Осы себептен, "Ақжайық-Жас отау" ЖШС-ның қарызгерлік бережағын өтеу мақсатында, аталмыш пәтерлер коммерциялық бағамен (130000 тенге- 1 шаршы метрі) саттыққа шағарылды.