МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 25.06.2013
  • 27.06.2013
  • Маңғыстау облысының әкімі

Әнуар Әлімбаев 26.06.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Алик Айдарбаев, Мен Ақтау қаласының тұрғынымын есімім Әнуар осы Ақтау қаласының шағын аудандардың ішінде тратуарларды жөндеу жумыстары жүргізілеме?

Администратор 27.06.2013

Құрметті Әнуар! Өте орынды сұрақ. Сұрағыңызға рахмет! Сіздің бұл көтеріп отырған сұрағыңыз барлығымызды толғандырып отырған мәселе. Қазіргі таңда, қаламыздың шағынаудандарының автожолдарын ағымдағы шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және табан жолдарды (тротуар) жөндеуге ақау (дефектный) актісі мен сметалық есебі жасақталды. Алдағы уақытта болатын қалалық бюджетті нақтылау кезінде осы мәселені шешуге қаржы бөлу мүмкінді қаралып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Құрметпен, А. Айдарбаев.