ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС БОЙЫНША АГЕНТТІК (ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ) АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ М.И.СЕКСЕМБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ "ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ - 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша агенттігі Елбасының "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде. бір болашақ" Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жолдары мен түсіндіру бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылдың 26 мамырында "Электрондық үкімет" веб-порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 26.05.2014
  • 26.05.2014
  • Руководитель Аппарата

Асем Шуленова 27.05.2014, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен мұғаліммын декретте отырмын бырақ мектептегі мұгалімнің 3 айлық курстарға кетуіне байланысты ақпан және сәуір айларында жұмысқа шықтым ,еңбекақым қалай есептеледы және маған сәуірде қосылған 10пайыз қосылады ма? Тағы бір сұрақ оздоровительный маған беріледі ме?

Администратор 29.05.2014

Құрметті Әсем! Сіздің бала бағу демалысы кезеңінде жұмыс істеген уақытыңыз үшін еңбекақы төлеуге қатысты өтінішіңізді қарастырып, бұл мәселе қаржы полициясы органдарының құзыретіне кірмейтінін хабарлаймыз. Еңбек кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру уәкілетті мемлекеттік органның, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатады. Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 328-бабына сәйкес ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Осыған байланысты, мәселені мәні бойынша қарау үшін Сіз атап көрсетілген Министрлікке немесе аумақтық органға жүгінуге құқылысыз.