ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Б.Т. ӘБДІШЕВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Түйтейұлы Әбдішевтің қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 34
  • Жауаптар: 34
  • 19.06.2013
  • 21.06.2013
  • Қарағанды облысының әкімі

Искакова Раушан 19.06.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Салеметсиз бе! Сизге қояр сұрақ дегеннен корі бұл өтініш деп айтар ем. Қарқаралы ауданы тұрғынымын. Мұнда бізде аудандық аурухана бар сол ауруханада кадр жетіспеушілгі көп орын алып отыр мысалы атай кетсем, лор аккулист гинеколог, дерматолог мамандары. Қарқаралы ауданы бойынша осы мамандық иелерінің жоқтығына байланысты Қарағанды қаласына баруға тура келеді, ол жолды бірінің қалтасы көтерсе енді бірінің жағдайы жоқ сондықтан сізден сұрайтынымыз осы дәрігер мәселесін шешіп беруіңіз.

Администратор 21.06.2013

Құрметті Раушан! Мен бұл мәселені білемін. Қарқаралы ауданында дәрігер кадрлардың тапшылығы өзекті болып отырғаны рас. Сондықтан қазіргі таңда аймақтардағы кадр мәселесін шешу мақсатында облыстық медицина ұйымдарының басшыларымен және аудандық әкімдікпен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Қарқаралы ауданына қатысты нақты айтар болсам, ауданда 44 дәрігер және 242 орта медициналық қызметкер халыққа медициналық көмек көрсетеді. Өткен жылы ауданға 2 дәрігер қызметке алынды. Бір дәрігер дерматовенеролог мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, жақында жұмысқа кіріседі. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасы аурухана дәрігерлерін акушер-гинеколог және отоларинголог мамандығына қайта даярлау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Ал, биыл аудандық ауруханаға тағы да 3 дәрігер (неонатолог, хирург, педиатр) қызметке қабылданатын болады. Аталған мәселе денсаулық сақтау басқармасының тұрақты бақылауында тұр. Сол себепті сіздің көтерген мәселеңіз жақын арада толық шешімін табады деген сенімдемін. Б.Әбдішев