АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 17.04.2013
- 19.04.2013
- Алматы облысының әкімі
Тұрсынов Достай 19.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсізбе. Жалпы әлеуметтік мәселе қоғамда көп қозғалады. Менің білейін дегенім, осы мүгедектерді әлеуметтік қолдауға, оңалту мәселелеріне байланысты қандай шаралар атқарылады. Бір сөзбен айтқанда, оңалту шараларына не жатады? Рахмет.
Администратор 19.04.2013
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк көмек көрсету, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту, бiлiм беру және олардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бiрдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.
Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдердi және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдердi қамтиды.
Сонымен қатар, мүгедектердi әлеуметтiк оңалту шараларына:
1) мүгедектердi жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына үйретудi;
2) мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, соның iшiнде мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi;
4) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтiк қызметтер көрсетудi, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшi берудi, естiмейтiндiгi бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тiлi маманын берудi;
5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет көрсетудi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетудi;
7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.