ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Айжан Ниязбайқызы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Мен №13896 санды сұрағымның берген жауабыңызда спорт ойын алаңы деп көрсеткенсіз. Алайда мен спорт ойын алаңын емес, балалар ойын алаңы (детская игровая площадка), яғни, басқа көпқабатты үйлердің алдындағыдай етіп качели,горка,скамейка т.б сияқтыларды орнатуды атап айтқым келіп отыр.Егер де ол жер мемлекеттің меншігіндегі жер болса тиісті түрде нысаналы мақсатына сай етіп пайданылғаны жөн болар, жергілікті атқарушы органдар соны қадағалап тиісті шаралар қолдану керек деген ойдамын.Берген жауабыңызға қанағаттанбаймын. Дегенмен, комиссия құрып тексеріп, 2014 жылы нағыз "детская площадкаға" айналдыратыныңызға сенімдімін. Сонымен қатар, осы 3 укрупненный квартал №3 уйдің күрделі жөңдеу жұмыстарын биыл бастаймыз деп еді, қаражат жоқ деп келесі жылға қалдырды. Сол не себепті "отмена" болды?
Администратор 25.07.2013
Құрметті Айжан! 2010 жылы бюджет есебінен III ірілендірілген кварталда орналасқан №8 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын спорт алаңы пайдалануға берілді. Сонымен қатар №5,6 көпқабатты тұрғын үй ауласына демеушілік есебінен балалар спорт ойын алаңы салынды. Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде және №3 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын спорт алаңын салу 2014 жылдың жоспарына енгізілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында III ірілендірілген квартал №3 көп пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту үшін тұрғындардың 68 пайыз келісімі алынып, 2013 жылы жөнделетін тұрғын үйлердің тізіміне енгізілді. Осы орайда, 2013 жылға берілген бюджеттік өтінімге сәйкес қаржы бөлінген жағдайда III ірілендірілген квартал №3 көп пәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары басталатын болады.