ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АМАНДЫҚ ҒАББАСҰЛЫ БАТАЛОВПЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовпен интернет-конференция
- Сұрақтар: 12
- Жауаптар: 12
- 14.04.2015
- 14.04.2015
- Амандық Ғаббасұлы Баталов
Жанболат Жаныс 14.04.2015, Сұрақ нөмірі:
Алматы - Талдықорған трассасында біраз уақыттан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл екі қала арасындағы көлік қатынасына аздап қиыншылық тудырып отыр. Осы жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтып берсеңіз екен?
Администратор 15.04.2015
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының бірінші бағытында белгіленгендей, көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша бүгінгі таңда Алматы – Өскемен автомагистралінің құрылысы жүріп жатыр. «Алматы - Өскемен» автомобиль жолының 14-259 шақырымын қайта жаңғырту жобасы 10 учаскеге бөлініп, 2012 жылдан бастап іске асырылуда. Жобаға бөлінген жалпы сома – 121,953 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда оның 49,851 млрд. теңгесі игерілді. Бұл қаржыға 49,7 шақырым цементбетон және асфальтбетон жамылғылары салынды. Қазіргі кезде автомобиль жолының барлық учаскелерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Құрылыс жұмыстары көлік қатынасына уақытша қиындық туғызғанымен, болашақта сапалы әрі заманауи технологиямен салынған тегіс жолдың игілігін көпшілік көретін болады.