АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Байтилеуов Берекет 30.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қадірменді Бақтықожа Салахатдинұлы! Мен сіздің мәдениет саласын өркендету мақсатында атқарып жатқан жұмыстарыңызға ризашылығымды білдіргім келеді. Расын айту керек, облыста аталмыш сала кенже қалған еді. Биыл мәдениет саласына жаңа леп қосылғандай. Аудандардың мәдениет күндері өтті, көптеген фестивалдар мен облыс апталықтары ұйымдастырылды. Бізді қуантатыны осы шаралардың барлығына өзіңіздің қатысып, жіті көңіл бөліп отыратыныңыз. Күн кеше өткен 1000 адамнан біріктірілген оркестр бұрын-соңды облыс тарихында болмаған қуанышты жағдай. 7-8 облыстың өнерпаздары бас қосып, Құрманғазы бабамыздың шығармашылығын насихаттады. Мұның барлығы сіздің мәдениет саласына деген қолдауыңыз бен қамқорлығыңыз деп есептейміз. Алда да осындай жұмыстардың жалғаса беруіне тілектеспін. Қызметіңізге сәттілік, отбасыңызға амандық тілеймін! Рахмет.

Администратор 05.06.2013

Ниетіңізге рахмет!