ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Үсенов Руслан Әміржанұлы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек Көшербайұлы
Сізге сұрағымыз: Жаппасбай батыр көшесіндегі 15 (он бес) үйге әлі күнге дейін газ келмеген, 3 жылдан бері естіп келе жатқанымыз тек бос уәде. Қаланын төңірегінде куріш заводтын алдында тұрсақта әлі кунге дейін газ жок. Жол мәселесіне келсек, жауын шашын түскеннен кейын авто көлік түгіл жаяу адам жүре алмай калады. Қалада тұрсақта бір ең шеткі ауыл тұрғындары сияқтымыз я газымыз, я жолымыз жоқ.
Осы төбеде баяндағандай сұрақтарымызды шешіп беруінізді сұраймыз!
Администратор 25.07.2013
Руслан, бұл жағдай маған мәлім. Өзіңізге белгілі қаламызда қордаланған мәселе өте көп. Бұл мәселелер кезең – кезеңімен шешілетін болады. Биылғы жылы Қызылорда қаласында жалпы ұзындығы 89.5 шақырымды құрайтын 73 көшеге қайта жаңғырту, күрделі жөндеу және орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған көшелердің жоба-сметалық құжаттары бекітіліп кетуіне орай, ұсынылған көшеге жол салу жұмыстарын енгізуге мүмкіндік жоқ. Осыған орай, жөндеу жұмыстары қажет етіп тұрған көшелердің тізіміне енгізіліп, алдағы уақытта қаражат көзінің қаралуына орай өз кезегімен орындалатындығын хабарлаймыз.