АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 17.04.2013
- 19.04.2013
- Алматы облысының әкімі
Рақышева Айнагүл 19.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Мен Талдықорған қаласының тұрғынымын. Мені көптен бері мазалап жүрген сауалымды Сізге қоюға рұқсат етіңіз. Кейінгі жылдары республика көлемінде қоғамдық ұйымдармен белсенді қарым-қатынас орнатылып, түрлі жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы бағытта қоғамдық ұйымдармен қандай жұмыстар атқарылуда?
Администратор 19.04.2013
Егемендік алған жылдардан бері түрлі бағыттағы қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Әкімдіктер жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас, дін, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, жастар саясаты бойынша кеңестер өз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Аталған кеңестер мен қаладағы қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып, үнемі азаматтарымызды мазалап жүрген маңызды мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырып, өткізуде. Осы нәтижелі қарым-қатынасымызды нығайту мақсатында әкімдіктер мен қоғамдық ұйымдар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатын толығымен жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру үшін меморандумдарға қол қойылуда. <br>Алдағы уақытта да біз қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқару мақсатында түрлі жұмыстар жүргізіп жтырмыз. Мысалға, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге гранттар беріліп жатыр. Болашақта осы бағытта ұсыныстар түсіп жатса, бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз.