АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 17.04.2013
- 19.04.2013
- Алматы облысының әкімі
Құдайбергенов Қалымбек 19.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті әкім! «Қазақстан-2050» бағдарламасының басты бағыттарының бірі «Ұлт денсаулығы». Осы бағытта облыс көлемінде қандай жұмыстар жүргізілуде?
Администратор 19.04.2013
ҚР Денсаулық ақта Министрлігінің «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар» бағдарламасының аясында облыс бойынша 2013-2014 жылдары 34 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы белгіленген. Соның ішінде 2013 жылы 12 нысанның құрылысы жүзеге асырылады. Жобадан тыс тағы 11 нысанның құрылысы 2013 жылы жүргізіледі. Жалпы 23 нысанның ішінде 21 нысан 2013 жылы тапсырылады, 2 нысан 2014 жылы тапсырылады.