ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.М. САДУАҚАСОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қостанай облысының әкімі Садуақасов Нұралы Мұстафаұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 61
  • Жауаптар: 61
  • 10.09.2013
  • 12.09.2013
  • Қостанай облысының әкімі

Дуйсеков Олжас 11.09.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Нұралы Мұстафаұлы! Біздің көршілеріміз - Ресей Федерациясы жастырының, жыл сайын кездесуге, өзінің пікірлестерін табуға, өз жобаларын көрсетуге, қоғамдық және мемлекеттік қолдау алып, далалық, шатырлы лагерлер талабындағы бейресми жағдайда әңгімелесуге мүмкіндіктері бар. Мысалы, мынадай белгілі Селигер, Соседи лагерлері. Бұндай лагерлерді бізде ұйымдастыру мүмкіндігі бар ма?

Администратор 11.09.2013

Сәлеметсізбе Олжас! Қазіргі күні қостанайлық жастар үшін 2005 жылдан бастап жыл сайын өтетін Жастар Форумы сынды алаң шеңберінде және өткен жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Жастар күнінде кездесу мүмкіндіктері бар. Биылғы жылы ол жаңа нысанда- бір күн ішінде қаланың 3 алаңнында ұйымдастырылған, онда спорттық жарыстар және жастардың әр түрлі ағымдағы жарыстары, мысалы, битбоксерлар, рэпперлар, хип – хопперлар және т.б. өтті. Осы іс-шараларда сіздер тек пікірлестер ғана тауып қоймай, өз мүмкіндіктерін көрсетіп, жаңа білім алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар осы жылы біздің жастар ұйымдарының жетекшілері, еріктілер, жас журналистер, жұмысшы және студенттік жастар өкілдері Қостанай облысын Ресей Федерациясында «Көршілер» лагерінде, «21 ғасырда бірге өмір сүреміз!» Форумында танытты. Ол жақтан олар көптеген идеялармен, сонын ішінде осы тәжірибені біздің Қостанайда іске асыру жөніндегі идеямен оралды. Келесі жылы біздің облыс «21 ғасырда бірге өмір сүреміз!» атты Форумын өткізеді және шекараға жақын өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Ресей Федерациясының жастары қатысады. Сондықтан, Форум шеңберінде Селигар аналогы бойынша шатырлы лагерь жүргізу идеялары жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармада өңделуде.