ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.М. САДУАҚАСОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қостанай облысының әкімі Садуақасов Нұралы Мұстафаұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 61
  • Жауаптар: 61
  • 10.09.2013
  • 12.09.2013
  • Қостанай облысының әкімі

Айсин Мегдат Қабдуллаұлы 12.09.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мен мал көбейтумен айналысқым келеді, бұқаралық ақпарат құралдарынан «Сыбаға» бағдарламасы туралы естідім, айтыңыздаршы, қалай қатысуға болады?

Администратор 12.09.2013

Сәлеметсізбе Мегдат Қабдуллаұлы Иә, шындығында Қостанай облысында «Сыбаға» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда, ол ірі қара мал басының тауарлы табыны санының артуына, генетикалық әлеуеті мен өнімділік сапасын жақсартуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. ІҚМ сатып алуға аталған бағдарлама бойынша қарыз қаржылар алу үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ның облыстық филиалына (Қостанай қ., Таран көшесі - 147, тел. 8 (7142) 54-56-79) және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на (Қостанай қ., Байтурсынов көшесі - 140, тел. 8 (7142) 54-26-10) өтініш жасау қажет. Басты шарт клиенттің төлем қабілеттілігі, кепілдік мүлігі мен тиісті инфрақұрылымының болуы болып табылады. Кредит алғаннан соң және оны мақсатына жұмсалуын растағаннан кейін (30 бас аналық мал басына/1 бас тұқым өзертуші-бұқа арақатынасында мал сатып алу) бағдарламаға қатысушы субсидия түрінде мемлекеттік қолдау ала алады. Олар тұқым өзгертуші- асыл тұқымды бұқаның 1 басын сатып алғаны үшін 118 мың теңге, «30 сиырға 1 бұқа» есебімен селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін 1 аналық мал басына 14 мың теңге, шырынды және кесек азықтардың құнын арзандатуға 1 бас сиырға 4,5 теңге көлемінде төленетін болады.