БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.А. НОҒАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 52
  • Жауаптар: 52
  • 26.08.2013
  • 28.08.2013
  • Аким Западно-Казахстанской области

Нұрғали Жолдасқали 28.08.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Орталықта жол кептелісін алдын алу үшін қаладағы барлық базарларды қаланың сыртына орналастыруға мүмкіндік бар ма?

Администратор 29.08.2013

Құрметті Нұрғали! Сіздің орталық базарларды көшіру мәселесі бойынша өтінішіңізге қалалық базарларды көркейту және оларды тәртіпке келтіру мақсатында Орал қаласы базарларын дамыту Тұжырымдамасы жобасы жасалып жатқанын хабарлайды. Тұжырымдама жобасында мемлекеттік жеке серіктестіктердің қатысуы қарастырылған. Қала орталығындағы ірі базарларды кезең-кезеңмен қала шетіне ыңғайлы кіреберістері мен тұрағы бар магистральді трассаға көшіруді жүзеге асыру қажет. Бұның өзі кәсіпкерлер үшін де сатып алушылар үшін де ыңғайлы жағдай жасалар еді. Орталық базардың босаған жерін телімдерін өз аумағы есебінен тұрағы бар сауда кешендерін салуға пайдалануға болады. Кейбір басқа жер телімдері қаланың дамуының бас жоспарына сәйкес тынымбақ, газондар, аллеялар және жалпы қолданылатын жерлерге берілмек. Бүгінгі таңда «Ашық жол» қосалқы бөлек базары, «Балабақша» және «Жайық» дүкені жанындағы жабайы базарлары көшірілді. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде, бұл жобаның барлық дұрыс және бұрыс жақтарын қарастыру қажет.