МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЙДАРБАЕВ А.С. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Маңғыстау облысының әкімі Айдарбаев А.С. интернет-конференция
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 08.09.2015
- 08.09.2015
- Аким Мангистауской области
Ихсанов Арыстан. Ардагерлер кеңесінің мүшесі 08.09.2015, Сұрақ нөмірі:
Өтес селосының тұрғынымын. Қазір ауылдың үстінен өтіп жатқан Бейнеу-Шетпе жолы толықтай асфальттанып болып қалды. Ертеден бері өзекті боп келе жатырған осы мәселе шешімін тапқанына ауыл тұрғындары өте қуанышты. Ендігі менің айтайын дегенім ауыл ішіндегі жол. Ауданның басқа ауылдарында село ішілік жолдар асфальттанып жатыр. Біздің ауылдың жолы асфальттана ма?
Администратор 09.09.2015
Құрметті Арыстан Ихсанов! Өтес селоішілік жолдарды асфальттау бойынша ЖСҚ дайын. Жоба құны 232 млн. теңге. Бұл жұмыстарды 2016 жылы жасау жоспарланып отыр.