АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ З.Ж. АМАНЖОЛОВАМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Жұманәліқызы Аманжоловамен қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 55
- 26.09.2013
- 30.09.2013
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары - Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы
Төрехан Бокаев 27.09.2013, Сұрақ нөмірі:
Қаламызда ауа ластанып, демалу қиындап барады. Соның салдарынан аллергиямен ауыратындар да көбейюде. Ауаның ластануын жақсарту үшін не істелуде!
Администратор 30.09.2013
Сәлеметсізбе! Қазіргі уақытта атмосфераның ластануы Алматы қаласының негізгі экологиялық мәселесі болып отыр. Алматы қаласының ауа бассейнінің ластануына ең алдымен - автокөліктерден шығатын түтін мен улы газдардың нормадан тыс артық болуы ықпал етуде. Сондықтан, Алматы қаласының экологиясын сауықтыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Сондай іс-шаралардың бірі - қаладағы көліктерді газды пайдалануға көшіру мәселесін шешу. Алматы қаласы әкімдігі автокөлік құралдарын сығылған табиғи газды пайдалануға көшіру бойынша іс-шаралар жобасын әзірледі, жоба мемлекеттік органдар және мүдделі ұйымдармен келісілген. Жалпы, бүгінгі күні қаламызда 300-ден астам газбен жүретін автобус, 195 жаңа троллейбус және жаңа 17 трамвай қызмет көрсетуде. Ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде «КазТрансГаз-Алматы» АҚ және «BG Лимитед» компаниясы бірлесіп, муниципалды парктің және басқа да газбен жүретін көліктерді сығылған табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 1 газ толтыратын станса ашты. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін қажетті ұсыныстар әзірленіп, 2011-2015 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту бағдарламасын іске асырудың Іс-шаралар жоспарына енгізілді. Сонымен қатар, атмосфераның ластану деңгейін төмендету мақсатында автокөліктерді техникалық тексеруден өткізуде бақылау күшейтілді және автокөлік құралдарынан тарайтын зиянды шығарындылардың улылық нормасын бақылау бойынша жұмыстар да күшейтілді.