ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.А. БОЗЫМБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Жамбыл облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 10.07.2013
- 12.07.2013
- Жамбыл облысының әкімі
Ж.Қ 11.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қанат Алдабергенұлы! Сіздің кәсіпкерлік саласына көңіл бөліп, жаңадан іс бастаған азаматтарға көптеп көмек беріп жатқаныңыздан хабардармыз. 1 жыл бұрын бір бизнес-жоспар жасаған едім. Құны - 3 млн теңге көлемінде. Мемлекет қолдауын алуға /облыс әкімінің гранты, "Бизнестің жол картасы-2020" бойынша / тырысып көрдім. Алайда инновациялық жоба емес, талаптардың кейбіріне сәйкес келмейді деген жауаппен бұл кәсібімді аша алмай келемін. Жобам - Жамбыл облысында баламасы жоқ.Есеп бойынша табысы жеткілікті, жарты жылдан астам уақытта өз құнын ақтайды. 1-2 ірі кәсіпкерлерге демеушілік жайында ұсыныс та жасадым. Алайда жоба шығармашылық саласы болғандықтан ешкімнің айналысқысы келмеді. Жастар қазір кәсіпкерлікке ден қойып келе жатыр ғой, осы жобаға сіз тарапынан қандай да бір демеушілік алуға мүмкіндік бар ма? Жауабыңызға алдын-ала рахмет!
Администратор 12.07.2013
Құрметті кәсіпкер! Сіздің ұсынысыңызға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамыту 2020» бағдарламасы аясында «Банк кредитінің пайыздық ставкасын субсидиялау» тетігі бойынша мемлекеттік қолдау көрсетуге болады. Аталған Бағдарламаның шарттары бойынша кәсіпкер екінші деңгейдегі банк филиалынан 14%-дан аспайтын жаңа кредит алуы тиіс. Жаңа кредит болып, банктің 2012 жылдың 1 шiлдесiнен бастап берiлген кредиттер жатады. Бұл ретте пайыздық өсімнің 10% - мемлекет, қалған 4% - кәсіпкер өтейді. Субсидиялау мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақытты құрап, кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар және жаңа өндiрiстер құруға 1,5-тен 3 млн. теңгеге дейiнгi мөлшерде гранттар беріледі. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының екінші бағыты аясында шағын несиелендіру жолымен өз істерін ашу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды, олардың инфрақұрылымдарын дамыту мен жақсартуды және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды көздейді. Екінші бағытында негізгі басымдық ауылдық жерлерде жеке өз ісін ұйымдастыруға ниет білдірушілерге беріледі. Несие мақсатты түрде өз ісін ашуға немесе ұлғайтуға, айналымдағы капиталды толықтыруға беріледі.