БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.А. НОҒАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 52
  • Жауаптар: 52
  • 26.08.2013
  • 28.08.2013
  • Аким Западно-Казахстанской области

Исқали Данияр 28.08.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Біздер Орал қаласы атынан Ресей Федерациясында ұйымдастырылатын КВН ойындарына үзбей қатысып отырамыз. (ТТО "Амик" Масляков А.В. ) Бірақ қаржыландыру мәселесі өз қалтамыздан шешіледі. Осы күнге дейін қаржыландыру болған емес. Қанша дегенмен Халықаралық Жарыстар маңызы зор. Сол жарыстарға Орал қаласының атынан шығып жүргендіктен бір қолдау болса дейміз. Сондықтан сізден осы сұрақтың жауабын шешуіңізді сұраймыз.

Администратор 29.08.2013

Құрметті Данияр! Сіздің көршілес Ресей Федерациясында өткізілетін КТК (КВН) ойындарына қатысып жүргеніңіз мені қуантады. Өнеріңіз шыңдала берсін. Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру шеңберінде жыл сайын «Халықаралық, республикалық және облыс ішіндегі мәдени-көпшілік шараларға жастар делегацияларының қатысуын ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасы аясында белсенді, дарынды жастардың ірі халықаралық, республикалық шараларға қатысулары қамтамасыз етіледі. Менің білуімше, Сіздің Ресей Федерациясының Самара, Астрахань қалаларында өткен КТК (КВН) ойындарына қатысуыңызға осы жоба шеңберінде қаржы бөлінді. Алдағы уақытта да өнерлі жастарды қолдау өз жалғасын табатын болады.