АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 17.04.2013
- 19.04.2013
- Алматы облысының әкімі
Тобаев Мақсұт 18.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Ұлт көшбасшысы Стратегиялық бағдарламасында жас қазақстандықтарға сенім артып, жаңа бағыттың қозғаушысы болуға шақырды. Әрине, бүгінгі таңда жалпы республикамызда, облысымызда жастарды қолдау мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын білеміз.
Осыған орай, менің білгім келетіні, жергілікті жерлерге жастар мәселесімен, оларды ұйымдастыру бағытында шұғылданатын арнайы мамандар бөлінеді ме?
Администратор 19.04.2013
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жас буынға жасалып отырған қамқорлықтың айқын айғағы, өткен жылы облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма құрылды. Штат саны – 9 бірлік. Сонымен қатар облыстық жастар саясаты орталығы да (штат саны - 12) белсенді жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылдан бастап жергілікті жерлерде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері құрылып, аудан, қалалардағы жастар санына орай штат саны бекітілді.