АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 17.04.2013
  • 19.04.2013
  • Алматы облысының әкімі

Толеуов Рысбай 18.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім мырза! Жастайымнан спортпен кәсіби шұғылданушы едім, соңғы жылдары денсаулық болмай, мүгедек атандым. Облыста мүгедек спортшылардың спортпен шұғылдануына қаншалықты жағдай жасалған?

Администратор 19.04.2013

Мүгедектердің дене шынықтырумен айналысуына жағдайлар жасау бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі. 2011 жылы облыстық дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы ашылды. Клубта спорттың 14 түрінен бөлімшелер жұмыс істейді. Осы кезге дейін клубтың спортшылары Қазақстан Чемпионаттарында және Паралимпиялық Ойындарында 53 алтын, 63 күміс және 45 қола медаль жеңіп алды. 16 мүгедек-спортшы облыс әкімінің стипендиясын алады. Аталған клубтың спортшысы Айнұр Байдулдаева 2012 жылғы Лондон қаласында өткен Паралимпиялық ойындардың қатысушысы. Жыл сайын мүгедектер арасында аудандық, облыстық жарыстар өткізіліп тұрады. 2012 жылы мүгедектер спортынан 25 шара өткізіліп, оған 6,7 млн.теңге бөлінді. Үздік спортшыларды материалдық ынталандыру мақсатында облыс әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы өкімі негізінде жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен мүгедек-спортшыларға ай сайынғы ақшалай сыйақы беріледі. Жалпы облыста спортпен 964 мүгедек айналысады, бұл дене мүмкіндігі шектеулі адамдардың жалпы 58720 адам санынан 1,5 % құрайды.