АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Кулметенова Гульмира Габитовна 30.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Салематсыз ба!Мен Кулсары каласы 2-шi мкр 52-уй 8-шi патер тургыны,3-шi топтагы мугедек 10 жасар Кульметенов Ансар деген жетiм бала камкоршысымын.Озiм 2005-шi жылдан бер денсаулыгыма байланысты енбек етпеймiн,ревмотоидный артрит диaгнозымен,кунде дарi шпесем болмайды,таблетка зависеммiн.Мемлекет тарапынан жетiм балага тургын уй сурап арызданганмын тургылыкты жерiме,аудан акiмi калада курылыс журмейдi,кезекке койылдын деген жауап бердi.Бiздiн турып жаткан уйiмiз агамдiкi,онын оз отбасы,бала-шагасы бар,алтын алка иесi анасын,тагыда баска бауырларын багып отыр.Бiзге теiзрек тургын уй алуга бiр комегiнiздi корсетyiнздi сураймын.Алдын ала алгыс-рахметiмдi айтамын!

Администратор 03.06.2013

Құлсары қаласында 2012 жылы Атырау қаласынан интернаттан келген 21 жетім бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді және 2013 жылы тағы Атырау қаласынан интернаттан келген тоғыз балаға пәтер берілді. Бүгінде Жылыой ауданынан 32 жетім бала пәтер алу кезегінде тұр. Алдағы уақытта Құлсары қаласында тұрғын үй салынған мезгілде Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары» Заңына сәйкес, тұрғын үй кезек бойынша берілетіндігін қаперіңізге беремін.