АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ З.Ж. АМАНЖОЛОВАМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Жұманәліқызы Аманжоловамен қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 55
  • Жауаптар: 55
  • 26.09.2013
  • 30.09.2013
  • Алматы қаласы әкімінің орынбасары - Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы

Кеңес Олжаұлы 30.09.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы Президенттің 2012 жылғы Жарлығына сәйкес Алматы облысының Қарасай, Талғар аудандарынан біршама бөлігі Алматы қаласының шегіне кіретінін естідім, осыған байланысты, менің Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі Ақжар ауылында орналасқан жер учаскелері қала аумағына қосылғандығын немесе қосылмағандығы туралы ақпарат берсеңіз? Рахмет. Кұрметпен, Кеңес Олжаұлы

Администратор 30.09.2013

«Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылы 12 мамырында № 77 және 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 385 Жарлығына сәйкес Алматы облысының Қарасай, Талғар және Іле аудандары жерінің біршама бөлігі Алматы қаласының аумағына енгені рас, бірақ бұл сұрақтарға тиянақты және дұрыс жауапты алу үшін Алматы қаласының жер қатынастар басқармасының 8 7272-378-47-16 номеріне телефон қоңырауын шалып жауап ала аласыз.