ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АМАНДЫҚ ҒАББАСҰЛЫ БАТАЛОВПЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовпен интернет-конференция

  • Сұрақтар: 12
  • Жауаптар: 12
  • 14.04.2015
  • 14.04.2015
  • Амандық Ғаббасұлы Баталов

Жәния Тұяқбай 14.04.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім мырза! Талдықорған қаласы - жасыл желекті қала. Дегенмен қалаға ағаштар отырғызу, көгалдандыру кезінде көбіне біртекті ағаш түрлерін егеміз. Бүгінде қалада жаңадан бой түзеп келе жатқан "Жастар" саябағына отырғызылатын ағаштардың әр түрлі болуына және көптеп егілуіне назар аударсаңыздар деймін?

Администратор 15.04.2015

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында жасыл желек қорын сақтау және толықтыру мен эстетикалық көрінісін жақсарту мақсатында жыл сайын орташа есеппен 6000 дана, оның ішінде 500 дана хош иісті, 5500 дана әр түрлі ағаш түрлері отырғызылуда. Соның ішінде қаладағы «Жастар» саябағы бойынша айтатын болсақ, 2015 жылы 18 наурыз бен 14 сәуір күні аралықтарында барлығы 649 дана әр түрлі ағаш түрлері отырғызылды. Олардың 245-і жәй шырша, 105 жасыл шырша, 45 түп қарағай, 69 түп емен, 24 түп шаған (ясень), 25 түп тал (ива), 136 түп жұпаргүл (сирень). Ағаш отырғызу жұмысының сапасы мен технологиясына Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі тарапынан тұрақты түрде бақылау жасалуда. Күні кеше ғана еліміздегі 10 жоғарғы оқу орындарының ректорлары Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешені жанындағы «білім аллеясында» 100 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Бұдан басқа алдағы уақытта Талдықорған қаласындағы бірқатар саябақтар мен оқу ағарту ғимараттарының аулаларында да ағаш көшеттері отырғызылатын болады.