АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХАМБЕТОВ АРХИМЕД БЕГЕЖАНҰЛЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлымен «Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 27.05.2015
  • 27.05.2015
  • Ақтөбе облысының әкімі

Садықовтар отбасы 27.05.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қайырлы кун! Мен жас отбасымын. «Жас отбасылар» бағдарламасына қойылатын талаптар жөнінде білсем деп едім. Естуім бойынша Ақтөбе қаласында тіркеуде тұрғанымызға 3 жылдан кем болмауы керек екен. Біз Ақтөбе облысын, Қобда ауданында тұрамыз. Жас отбасылар бағдарламасы бойынша өтініш бере аламыз ба?

Администратор 27.05.2015

«Жас отбасылар» бағдарламасына қатысу үшін ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы өтініш берген сәтте 29 жастан аспауы және некеге тіркелгендеріне 2 жылдан кем болмауы, барлық отбасы құрамының Ақтөбе қаласында тіркеуде болуы қажет. Аталған бағдарламаға қатысу үшін Ақтөбе қаласында тіркеуде тұру мерзімі шектелмеген.