ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМОМ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ КОКРЕКБАЕВЫМ КАРИМОМ НАСБЕКОВИЧЕМ О ХОДЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А. НАРОДУ КАЗАХСТАНА

Интернет-конференция с акимом Жамбылской области Кокрекбаевым Каримом Насбековичем «О разъяснениях Послания Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее», а также ходе его реализации»

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 01.07.2015
  • 03.07.2015
  • Аким Жамбылской области

Байназарова Марта 01.07.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

«Ежелгі Тараз» қаласы туралы тарихи деректер қай кезеңдерді қамтиды?

Администратор 02.07.2015

Құрметті Марта, Сіз көтеріп отырған мәселе өте орынды. Жалпы соңғы жылдары Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарына үлкен көңіл бөлініп келеді. Соның ішінде, соңғы 4 жылда жүргізіліп отырған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Тараз тарихына тың дүниелер қосылуда. Тастан қаланған, кірпіштен тұрғызылған көне құрылыс орындары ашылды. Қыштан құйылған су құбырлары, су сақтау орны (сардоба) мен 2 моншаның орны аршылып сонау дәуірлерде бабаларымыздың рухани-мәдени дамуының жоғары екендігіне көз жеткіздік.