АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ З.Ж. АМАНЖОЛОВАМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Жұманәліқызы Аманжоловамен қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 55
- 26.09.2013
- 30.09.2013
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары - Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы
Байкенов Азамат 30.09.2013, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе Зәуреш Жұманәліқызы! Менің зейнеткерлікке шыққаныма 3 жылдың арты болды. Өзім сияқты зейнеткерлердің саны ауданымызда жетерлік. Сізден сұрайтынымыз бізге қол өнерінің курстарын ашып берсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді. Сізден жауапты асыға күтеміз. Зейнеп апа!
Администратор 02.10.2013
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес Жұмыспен қамту уәкілетті органы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқу курстарына жұмыссыздарды жібереді. Заңға сәйкес жұмыссыздарға еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар ғана жатады. Сондықтан, зейнеткерлердің бағдарламаға қатысу мүмкіндігі жоқ.