БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.А. НОҒАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 52
  • Жауаптар: 52
  • 26.08.2013
  • 28.08.2013
  • Аким Западно-Казахстанской области

Тимур Токтаров 27.08.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ғибадат үйлерін салу үшін жер учаскелерін беру тәртібі қалай болар екен?

Администратор 27.08.2013

Құрметті Тимур! ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 5-бабы 5-тармағының негізінде Агенттік «Дін қызметі саласындағы құзыретті органмен келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ үйлерді ғибадат үйлері етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілді. Осы стандарт негізінде облыс әкімдігінің №45 қаулысымен 29.03.2013 жылы мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді. Аталған қызметті облыстық сәулет және қала құрылысы басқармалары облыстық Дін істері басқармасымен келісу бойынша жүргізеді.