ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Молдаханов Талғат 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Әкім мырза. Елбасының жолдауынан туындайтын спорттық нысандарға деген тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында қандай жұмыстар жүргізілуде?
Администратор 25.07.2013
Талғат бұл бағытта өңірімізде біршама жұмыс атқарылып жатыр.Мәселен, Қызылорда қаласында спорттық сауықтыру кешені (мұз айдыны) үстіміздегі жылдың 1 қыркүйекке пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Спорт ғимараты пайдалануға берілгеннен кейін теңгерім ұстаушы ретінде мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ашылып, облыста қысқы спорт түрлерін дамытуға жұмыстар жасалады. Оның ішінде қысқы спорт (шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт трек), командалық ойын және күрес түрлерінен спорттық секциялар ашылып, сонымен қатар көпшілік сырғанау қызметі көрсетіледі. Сонымен қатар осы кешеннің волейбол және көркем гимнастика залдары пайдалануға беріледі. Облыста одан бөлек спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру мақсатында Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде және Шаған ауылында спорт кешендері жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар үстіміздегі жылы 79 шағын спорт алаңдары тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда ауыр атлетикадан спорт кешені жобасы дайындалуда