МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 25.06.2013
- 27.06.2013
- Маңғыстау облысының әкімі
Роза Шайманова 27.06.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Алик Серікұлы, мен Шайманова Роза 2004 жылдың 8 қаңтарынан бері үйдің кезегінде тұрамын. Жалғыз басты анамын, бір қызым бар. Сол кезде қызым 6 жаста еді, кәзіргі күні 16 жасқа келді. Осы күнге дейін әркімнің босағасында бөлмесін жалдап жүрмін, тұрақты баспанам болмағандықтан 3-4 ай сайын тұратын пәтерімізді ауыстырып жүрміз. Көшіп қонып жүргендіктен қызыма дұрыс білім алуға мүмкіншілік жоқ, 10 жылдан бері қала әкімінің қабылдауына кіре алмай жүрмін. Сізге өтініш, қызымның болашағы үшін осы жылғы берілетін үйден 1 бөлмелі пәтер алуға көмектесуіңізді сұраймын.
Администратор 27.06.2013
Құрметті Роза Шайманова! Сұрағыңызға рахмет! Бүгінгі таңда тұрғын үй қаладағы басты мәселенің бірі. Сіз Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу тізімінің кезегінде 08.01.2004 жылы берген арызыңызға сәйкес, №185 болып тіркеліп тұрсыз. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі делінген. Сондай-ақ, аталған Заңның 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Осы баптың 3-тармағына сәйкес, аталған тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды делінген. Сіздің тұрғын үй мәселеңіз коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй қолданысқа берілген кезде ғана, тізім кезегіңізге сәйкес қаралып, шешілетіндігін хабарлаймын. Өз тарапымнан қала әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы жұмысының ашықтығын айта аламын. Сондықтан, Сіздің кезегіңізге сәйкес, пәтер алатыныңызға еш күмәнім жоқ. Ізгі ниетпен, А. Айдарбаев.