АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ З.Ж. АМАНЖОЛОВАМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Жұманәліқызы Аманжоловамен қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 55
- 26.09.2013
- 30.09.2013
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары - Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы
Бағила 30.09.2013, Сұрақ нөмірі:
Зәуреш Жұманәліқызы, қалада жылдан жылға қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны көбеюде. Осыған орай, қазақ тілінде оқытатын мектептердің санын арттыруда қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?
Администратор 30.09.2013
Алматы қаласында Тәуелсіздігімізді алғанға дейін небары 7 ғана қазақ мектебі болған. Бүгінгі күнде оның саны 60-қа жетті. Ал қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны 8 мыңнан 79 мыңға артып отыр. Биылғы оқу жылында ғана былтырғы жылмен салыстырғанда қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны 5217 балаға көбейді. Тек соңғы 5 жылдың ішінде қазақ мектептердің саны 17-і бірлікке артты. Осы 5 жылдың ішінде жаңадан салынған 14 мектептің 10-ы қазақ тілінде оқытатын мектептер болып ашылды. 2013 жылы тек бір Алатау ауданының өзінде 5 жаңа мектеп салынып, қазақ мектебі болып ашылды. Осы жылдар аралығында 5 аралас тілдерде оқытатын мектептер (№№ 40, 67, 107, 126, 149) таза қазақ тілінде оқытатын мектептер болып қайта құрылды. Сонымен қатар, 2 орыс тілінде оқытатын мектептер(№39, 109) таза қазақ мектептеріне айналдырылды. Бүгінгі күнде «Жас қанат» шағынауданында 1200 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл мектеп те қазақ тілінде оқытатын мектеп болып ашылды.