АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 17.04.2013
- 19.04.2013
- Алматы облысының әкімі
Асанова Эльмира 17.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсізбе құрметті Аңсар Мұсаханов мырза! Менің қояр сұрағым жалғыз менің емес, бүкіл ауылдың мәселесі болып отыр. Өзіміз Іле ауданы Боралдай кентінің Водник 3 ықшам ауданынан құрылған жаңа ауылдан боламыз. Бұл ауылда 2007 жылдан бастап халық тұрып, тұрғындар саны жылдан жылға көбеюде. Бірақ, тұрғындардың әлеуметтік мәселелері әкімдік тарапынан дұрыс шешілмей отыр . Мәселен, жарық жүргізу үшін әр отбасынан 50 000 теңге құжаттарын санамағанда, ауыз суға 80 000 теңге беріп отырмыз. Осы қаншалықты заңды? Ауыл әкімі, сол жарық пен судың басшыларынан сұраңдар - деп қысқа қайырады. Білуімізше үкіметтен "Ақ бұлақ" бағдарламысы бойынша миллиардтаған ақша бөлінуде емес пе, неге біз қалтамыздан қаражат шығарамыз. Осы сұрақты аулдың әр тұрғыны қояды. Жол мәселесі де шешілмеген .Әкім жыл сайын есеп бергенде көшелерді асфальттап, жарықтандырамыз дегелі 3 жыл болды, әзірге еш нәтижесіз . Ауылға автобус жүргізіп, мектеп, балабақшасалынса деген тілек бар. Бізді толғандырып жүрген сұрақтарға сізден мардымды жауап аламыз деген сенімдеміз. Аман-сау болыңыз!
Администратор 19.04.2013
Іле ауданының жаңақұрылыстарына жарық жүргізу үшін 2012 - 2013 жылдарға жобалау құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Сараптамадан оңды нәтиже алғаннан кейін монтажды - құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаражатқа тапсырыс берілетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы №832 қаулысының 38 тармағына сәйкес қызмет көрсетуші мен жеке меншік тұрғын үйдің иесі немесе заңды тұлға болып табылатын тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру желілері арасындағы теңгерімдік тиесілігін бөлу шекарасы болып елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылған жердегі құбырға ұштасу болып табылады. Сондықтан орталық су құбырына қосылуға ерік білдірген үйдің иесі техникалық шарт алу үшін жергілікті атқарушы (немесе арнайы пайдаланатын) мекемеге өтініш беру арқылы өз қаражаты есебінен қосылады.
«Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында қазіргі уақытта жаңақұрылысты сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыманы бұрғылау мен су құбырын жүргізу жобасын дайындауға тендер жарияланған.
2012 жылы кенттегі 5 көшеге құм араласқан тас төгілді, ағымдағы жылы - 21 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аудан бойынша жаңақұрылыстарда барлық инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің жұмыстары аяқталғаннан кейін, көшелерді жөндеу мәселесі қарастырылатын болады.
Боралдай кентінің жаңақұрылыстарына автобустардың жол бағытын ұзарту мәселесі қарастырылуда.
Болашақта қаржының бөлінуіне байланысты мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория салу қарастырылатын болады.