ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ С.Р.МУСИНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ - 2050: БІР ТАҒДЫР, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Елбасының "Қазақстандық жол - 2050: Бір тағдыр, Бір мүдде, Бір болашақ" Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мен жүзеге асыру жолдары бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар "электрондық үкімет" веб-порталында а.ж. 20 маусымында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 25
  • Жауаптар: 25
  • 20.06.2014
  • 20.06.2014
  • ҚР ДСМ Жауапты хатшысы

Жанна Алпысбаева 20.06.2014, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғымы қандай, қадір-қасиеті неде?

Администратор 21.06.2014

Құрметті Жанна Алпысбаева! Тәуелсіздік – аса қастерлі ұғым. Ата-балаларымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігімізге қол жеткізілгелі бері еліміз дербес мемлекет ретінде әлемде өз орнын иеленді. Тәуелсіздік жылдары Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған парасатты саясатының арқасында еліміздің тыныштығы сақталып, қауіпсіздігі нығая түсті. Көпұлтты Қазақстан халқы ынтымақтастықта өмір сүріп, дамудың сара жолына түсті. Тәуелсіздік жылдары ғасырларға татитын мол табыстарға қол жеткізілді. Болашақта да тәуелсіздігіміз елдігіміздің алтын діңгегі болып қала бермек.