ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Рыскұлова Айнұр Серікқызы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Қазірде облысымыздың елді- мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр екен?
Администратор 25.07.2013
Құрметті Айнұр 2011 – 2020 жылдарға арналған « Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2013 жылға бюджеттен барлығы 7542,5 млн теңге қаралды.Оның ішінде республикалық бюджеттен 6424,5 млн.теңге облыстық бюджеттен 1117,9 млн.теңге. Сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту бойынша 36 жобаны жүзеге асыруға, оның ішінде 22 елді мекеннің сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру, 10 ауыз су және 3 кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жобаларының жоба – сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.2013 жылға бөлінген қаржы шеңберінде « Қызылорда қаласының су жүргізетін және кәріз желілерін жаңғырту және кеңейту» жобасының құрылыс жұмыстары жалғастырылуда