ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Светлана Жумахановна 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек Елеуұлы, Байқоңырдағы болған жағдайға байланысты Қызылордалықтардың экологиялық төлемін 50 пайызға көтерсе екен деген ұсынысым бар.
Администратор 24.07.2013
Құрметті Светлана! Сіздің өңір тағдырына алаңдаушылық танытып отырғаныңызға алғысымды білдіремін. Бұл мәселе барша қазақстандықтарды толғандырып отырғандығынан хабардармын. Оқыс оқиғадан кейін менің төрағалығыммен арнайы мәжіліс өткізіліп, жедел штаб құрылды. Жедел топ оқиға орнына жетіп, Байқоңыр қаласының әкімшілігі басшысының міндетін атқарушыдан егжей-тегжейлі анықтама алынып, тиісті шаралар қабылдау бойынша әрекеттер жасалды. Қазіргі таңда аталған комиссия тиісті жұмыстарды жүргізуде. Осы мәселе барысында Сіздің экологиялық төлем көтеру жөніндегі ұсынысыңыз қаралатындығын назарыңызға жеткіземін.