ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Утегенов Куаныш 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Қырымбек Елеуұлы!
Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бойынша орталықтандырылған ақпараттық жүйесі құрылған осы жүйенің қаншалықты маңызы бар?
Администратор 24.07.2013
Құрметті Өтегенов Қуаныш Қала құрылысы кадастры, басқа кадастрлық жүйелермен салыстырғанда кешенді интегральды жүйе болып табылады,ол аумақтар туралы әртүрлі ақпараттарды жинақтайды, оның ішінде, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, статистикалық, сондай-ақ пайдаланыстағы және қолданылатын барлық ресустар туралы ақпараттарды қамтиды. Қызылорда қаласының М1:2000 масштабтағы Электронды картасы әзірленді. Бұл карта толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етілген, қазіргі заман талабына сай алғашқы жасалған, озық үлгідегі карта болып табылады. Электрондық картада қаланың барлық шағын аудандары, кенттер мен ауылдық округтер өз шекаралармен белгіленіп, тиісті мәліметтермен көрсетілген. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жеке, заңды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сәулет, қала құрылысы саласындағы қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған.