АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХАМБЕТОВ АРХИМЕД БЕГЕЖАНҰЛЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлымен «Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 27.05.2015
  • 27.05.2015
  • Ақтөбе облысының әкімі

Таурбалина Нұржамал 27.05.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Талдысай ауылы ұзын жолдың бойында жатқан болашағы бар елді мекен. Ауылымыз көркейіп, өркендеп келеді. Заман талабына сай мектебіміз – біздің мақтанышымыз, балаларымыздың жылы ұясы. Көгілдір отын келіп, ауылдастарымыз бір серпіліп қалды. Талдысайлықтар кәсіпкерлікпен де белсенді айналысуда. Ауылға көшіп келушілер де көп, жас мамандар келуде. Ендігі жерде, ауылымызға халықтың рухани қажеттіліктерін өтеуге мәдениет үйінің жаңа ғимараты салынса деген жерлестерімнің тілегін жеткіземін. Қазіргі кезде клубымыз ыңғайластырылған шағын ғимаратта орналасқан. Осы мәселені шешуге қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

Администратор 27.05.2015

Ауылдарды дамыту – мемлекеттің басты назарында. Қобда ауданының Жиренқопа, Калиновка ауылдарындағы Мәдениет Үйлері соңғы жылдары күрделі жөндеуден өткізіліп, халықтың игілігіне берілді. Талдысай ауылдық клубының күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары, мемлекеттік экспертизасы дайындалды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына барлығы 52,2 млн.теңге қажет. Талдысай ауылдық клубын күрделі жөндеу мемлекеттік «Жұмыспен қамту - 2020» Бағдарламасы аясында жүргізуге ұсынылады.