АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Сакесова Нурбиби Вляминовна 30.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Салематсыз ба Бақтықожа Салахатдинұлы! Менің сұрағым Атырау Мунай жане Газ институтында үздік оқитын жане отбасылык тұрмыс денгейі төмен студенттерге бөлінген гранттық оқу ақшасы не себептен институтқа аударылмай тұр? Менің қызым Бильтаева Айнурды Атырау Мунай жане Газ институтының технология факультетинің 2-курс студентін 2013 жылы акиматтың үздік оқитын жане отбасылык тұрмыс денгейі төмен студенттерге бөлінген гранттың тізіміне енгізіп. зачетный книжкасына акимат төлейді деп декан қол қойып, печать соғып экзаменге допуск берген болатын. Енді 27 мамырда акиматтан гранттын ақшасы төленбейді деген хат келді, 2-куннің ишінде толемедіңдер деп қызымды институттан отчисленияға жіберіп отыр. Мен 4-баланын анасымын, денсаулыгыма байланысты жұмыс жасамаймын, жолдасым таксист болып әзер күн көріп отырмыз, адамнын тағдырымен осылай ойнауға бола ма? Ай сайын ас ішпесем де бөліп-бөліп төлеп болатын едим оқу ақысын. Осы айтылған жағдайларымызға байланысты дұрыс шешім қабылдап, қызымнын оқу ақысын аудартып беруіңізді сұраймын Алдын-ала алғыс айтамын.

Администратор 03.06.2013

Атырау мұнай және газ институтының әлеуметтік аз қамтылған студенттеріне көмек көрсету туралы комиссиясының 2013 жылғы 7 ақпандағы отырысының №3 хаттамасымен Атырау мұнай және газ институтының студенті Бильтаева Айнұр Кенжебекқызы аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерінің тізіміне есепке алынды. Атырау облысы әкімдігі мен «Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» компаниясы арасында Қазақстан Республикасы азаматтарын даярлау, қайта даярлау, кәсіптік даярлау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум жасалған. Құжаттарыңыз Меморандум талаптарына сәйкес болғанда облыс әкімдігіне мына мекен жай бойынша: Әйтеке би, 77, байланыс телефоны: 354551 жүгінуіңізге болады.