МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 25.06.2013
  • 27.06.2013
  • Маңғыстау облысының әкімі

Кісібаев С. 25.06.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазіргі уақытта жөнделіп жатқан Ақтау - Бейнеу жолының 430 км Азия даму банкінің несие есебінен жөнделіп жатқаны белгілі, сол несиенің пайыздық ставкасы қанша? Және оны кім өтеуі тиіс, Маңғыстау облысы бюджеті есебінен өтеле ме, әлде республикалық бюджеттен бе?

Администратор 27.06.2013

Құрметті Кісібаев С. ! Сіздің сұрағыңыз облыс тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі болып табылады. «Ақтау-Бейнеу» республикалық маңыздағы автомобиль жолын қайта жаңартуға Азия Даму Банкінің қаржыландыруға берген қарызы (займ) Лондон биржасының Либор ставкасына сәйкес жылдық пайызы - 0,3 % АДБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің арасындағы келісімге сәйкес республикалық бюджеттен кері қайтарылады.